Опубликовано: 09.02.2023
ҚР Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында кездесу

Өткен жылдың 27 қыркүйегінде еліміздің заңгерлер қауымдастығын шоғырландыру мақсатында "Қазақстан заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің базасында "Адал сайлау үшін" штабы құрылды.

Мақсаты – конституциялық реформа ережелерін жария өрісте заң қоғамдастығының құқықтық сүйемелдеуі, сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру, сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғам, халықаралық ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.

Биыл, 2023 жылы штаб өз жұмысын жалғастрыруда.

Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламент Мәжілісін таратқаны белгілі. Президент сонымен қатар "Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" Жарлыққа қол қойды.

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 19 қантардағы өз мәлімдемесінде: “…Мәжиліс пен мәслихаттарға кезектен тыс сайлау өткізу жалпы ұлттық референдумда азаматтар қолдаған конституциялық реформаның қисынына негізделеді. Оның қорытындысы бойынша біздің еліміз өкілді билік тармағын қалыптастырудың жаңа, неғұрлым әділ және бәсекеге қабілетті ережелеріне көшті…” – деп атап өтті.

Өткен жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына және сайлау заңнамасына елеулі өзгерістер енгізілді. Ел Парламенті Мәжилісі мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандар мен ел қалаларының мәсліхаттары депутаттарының алдағы сайлауы соңғы онжылдықтарда алғаш рет партиялық тізімдер бойынша ғана емес, бір мандатты аумақтық округтер бойынша да өткізілетін болады.

Өз кезегінде, сайлау процесіне Қазақстан Республикасы Қарулы Куштерінің жас әскери қызметшілері, оның ішінде әскери оқу орындарының курсанттары мен мерзімді әскери қызмет өткеретін адамдар қатысады, олардың көпшілігі дауыс беру құқығын алғаш рет жүзеге асыруда.

«Адал сайлау үшін» штабының мүшесі Нурлан Сихымбаев ҚР Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында 9 ақпанда өткен кездесуде әскери қызметшілерге сайлау заңнамасындағы өзгерістер бойынша толыққанды кеңестер берді.

Назад к новостям
Поделиться: