Құрметті заң консультанттары !
Республикалық заң консультанттары алқасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-мен (Қазпатент) бірлесіп, 2021 жылғы 23-24 қыркүйекте зияткерлік меншік объектілерін тіркеу бойынша екі күндік вебинар өткізеді.
Вебинарлар мынадай тақырыптарды қамтиды:
1) Өнертабыстарды құқықтық қорғау
2) Патенттік кооперация туралы шарт (PCT) шеңберінде өнертабыстарды халықаралық патенттеу
3) Еуразия патенттік конвенциясы (ЕАПК) шеңберінде өнертабыстарды өңірлерде патенттеу
4) Тауар таңбаларын құқықтық қорғау
5) Мадрид жүйесі шеңберінде халықаралық тіркеу
6) Тауарлар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау
7) Өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау. Еуразия патенттік конвенциясы (ЕАПК) шеңберіндегі өңірлік қорғау
8) Өз туындысына авторлық құқықты тіркеу
9) Селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау
Вебинарлар бағдарламасы тіркеу аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға жіберіледі.
Вебинарға тіркелу https://forms.gle/2F3Hf53LR7AQvTDQ8
Тіркелу 22 қыркүйекте сағат 15:00-де аяқталады.
Асығыңыздар, орындар саны шектеулі.
Қатысу тегін.
Вебинарлар аяқталғаннан кейін Республикалық заң консультанттары алқасына кіретін Палаталар мүшелеріне сертификаттар беріледі.