«Жыл заңгері», «Pro Bono үздік заңгері» және «Pro Bono үздік тәлімгері» сыйақыларын тағайындау конкурсы ережелерін түсіндіру жөніндегі вебинар

Құрметті заң консультанттары!

2021 жылғы 28 қыркүйекте сағ. 15:00-де Республикалық заң консультанттары алқасы «Жыл заңгері», «Pro Bono» үздік заңгері» және «Pro Bono» үздік тәлімгері» сыйлықтарын беруге арналған конкурс қағидаларын түсіндіру бойынша вебинар өткізеді.

Осы вебинарда Сіз мыналарды білесіз:

1) «Жыл заңгері», «Pro Bono» үздік заңгері» және «Pro Bono» үздік тәлімгері» сыйлықтарын беруге арналған конкурстық комиссия туралы қағидалар әзірлеу туралы;

2) Lawcenter мобильді заңгерлік көмек қосымшасын қалай пайдалануға болатыны туралы;

3) Тегін заң консультациялары туралы кестені толтыру қажеттігі туралы;

4) Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесіне қатысуы туралы.

Вебинарға қатысу үшін мұнда тіркелу қажет: https://forms.gle/76cjr2efUEhkD7yV6

Вебинарға сілтеме тіркеуден өткен барлық қатысушыларға жіберіледі.