Құрметті заң консультанттары !
2021 жылғы қарашаның 17-19 аралығында Республикалық заң консультанттары алқасы медиация және атқарушылық іс жүргізу бойынша үш күндік вебинар өткізеді.
Вебинарларлар мынадай тақырыптарды қамтиды:
Медиация:
1. Медиация рәсімі және медиатор құралдары. Келіссөздер процесінің қағидалары, стратегиялары және тактикасы.
2. Медиация құзыреттерін қолдану. Негізгі медиациялық құзыреттер, оларды заң консультанттары тарапынан қолдану.
Атқарушылық іс жүргізу:
1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жүйесіндегі ЖСО-ның орны мен рөлі.
2. Мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану негіздері.
3. Борышкердің жалақысынан және өзге де табыстарынан өндіріп алу.
4. Кепілге салынған мүлікті өткізу тәртібі, рәсімі.
Тренинг спикерлері:
I. Жанділда Әжіғалиұлы Жақыпов - "Қазақстан медиаторлары Қауымдастығы" ЗТБ Бас директоры, "Халықаралық құқық қорғау орталығы" РҚБ басшысы, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі, Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы-медиатор.
II. Шырын Иранбекқызы Оразбаева - жаттықтырушы-медиатор, "Әлеуметтік әріптестік және медиация орталығы" ЖМ директоры.
III. Айдос Бейбітұлы Иманбаев - Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы Оқу орталығының директоры.
IV. Шыңғыс Үзукенұлы Жекебаев - з.ғ.к., доцент, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшесі.
Өткізу уақыты: 10:00-ден 12: 00-ге дейін.
Асығыңыздар, орындар саны шектеулі !
РЗКА палаталарындағы заң консультанттары үшін қатысу ТЕГІН.
РЗКА палаталарында жоқ, осы тренингке қатысқысы келетін заң консультанттары 10 000 теңге мөлшеріндегі ұйымдастыру жарнасын төлеуі қажет.
Вебинарға тіркелу міндетті !
Тіркелусіз және жеке өзі қатысуынсыз сертификаттар берілмейді.