Нотариаттық қызмет саласындағы вебинар

Құрметті заң консультанттары !

2022 жылғы 16, 17, 18 наурызда Республикалық заң консультанттары алқасы нотариаттық қызмет саласындағы үш күндік вебинар өткізеді.


Вебинар мынадай тақырыптарды қамтиды:

1. Атқарушылық жазба.

2. Мұрагерлік құқық.

3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету.


Тренинг спикерлері:

1. Гүлнар Оразқызы Рыспекова - Республикалық нотариаттық палатаның атқарушы директоры, ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы.

2. Людмила Федоровна Кутенко - заң ғылымдарының магистрі, Республикалық нотариаттық палатаның заңгері.

3. Олег Игоревич Полумордвинов - Нұр-Сұлтан қаласының нотариусы, заң магистрі, «М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ» жоғары құқық мектебінің аға оқытушысы.


Өткізу уақыты:10:00-ден 12: 00-ге дейін.

Асығыңыздар, орындар саны шектеулі !

РЗКА палаталарындағы заң консультанттары үшін қатысу тегін.

РЗКА палаталарында есепте тұрмайтын, осы тренингке қатысқысы келетін заң консультанттары 10 000 теңге мөлшеріндегі ұйымдастыру жарнасын төлеуі қажет.

Вебинарға тіркелу МІНДЕТТІ !

Тіркелу мына сілтеме бойынша: https://forms.gle/VbaRtwhVBoNtjChQ8

Тіркелусіз және жеке өзі қатысуынсыз сертификаттар БЕРІЛМЕЙДІ.