Құрметті Заң консультанттары палаталарының басшылары!
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде азаматтық істер бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге адвокаттармен бірдей заң консультанттарына рұқсат беру жөніндегі түзетулер блогы қаралуда.
Түзетулерге сәйкес, адамды заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарын өтеуден босатуды адамның өтінішхаты бойынша сот өзінің ұйғарымы негізінде сол адамның МКЗК алу құқығын растайтын құжаттарын қоса тіркей отырып жүзеге асырады.
Бұдан басқа, түзетулерде тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы соттың ұйғарымы жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы азаматтық істі қарайтын сот орналасқан жердегі аумақтық заң консультанттары палатасына немесе адвокаттар алқасына дереу жіберілетіні, олар сот белгілеген мерзімде адвокаттың немесе заң консультантының сотқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті болатыны көзделген.
Алдағы заңнамалық өзгерістер шеңберінде Республикалық заң консультанттары алқасы "ҰАТ" АҚ-мен бірлесіп, заң консультанттарын "Е-Заң көмегі" АЖ-ны пайдалануы үшін онлайн-оқытудан өткізуді жоспарлауда.
Өңірлік заң консультанттары палаталары қоса берілген нысан бойынша. jurist-kaz@mail.ru мекенжайына тиісті өтінім беруі қажет, қызықтырар сұрақтар бойынша 8 (7172) 50-06-61 телефонына хабарласуға болады.
ӨТІНІМ-ЗАЯВКА.docx