«Қазақстан Республикасынының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану» бойынша вебинар

Құрметті заң консультанттары !

2021 жылғы 23-24 желтоқсан аралығында Республикалық заң консультанттары алқасы «Қазақстан Республикасынының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану» бойынша екі күндік вебинар өткізеді.

Вебинар мынадай тақырыптарды қамтиды:

  • Әкімшілік рәсімдердің негізгі түсініктері, қағидаттары, әкімшілік қалауы.
  • Әкімшілік актілерге, әкімшілік іс-әрекеттерге шағымдану.
  • Әкімшілік сот ісін жүргізу, Әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттары, әкімшілік талап қою, әкімшілік соттарда істі қарау тәртібі.
  • Дәлелдер және дәлелдеу. Процестік мәжбүрлеу шаралары.


Тренинг спикері:

Машинский Игорь Юрьевич - Маңғыстау облысы Заң консультанттары палатасының төрағасы, «Ақтау-заң» заң фирмасы ЖШС негізін қалаушы және директоры, іс жүзіндегі заңгер өтілі - 30 жылдан астам, АРПК түсіндіру бойынша сертификатталған тренер (ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы), кәсіби медиатор.

Өткізу уақыты: 10:00-ден 12:30-ге дейін.

Асығыңыздар, орындар саны шектеулі!

РЗКА палаталарындағы заң консультанттары үшін қатысу ТЕГІН.

РЗКА палаталарында жоқ, осы тренингке қатысқысы келетін заң консультанттары 10 000 теңге мөлшеріндегі ұйымдастыру жарнасын төлеуі қажет.

Вебинарға тіркелу МІНДЕТТІ!

Тіркелу https://forms.gle/46aYY8UJdqq2WnSc7

Тіркелусіз және жеке өзі қатысуынсыз сертификаттар БЕРІЛМЕЙДІ.