Құрметті заң консультанттары !
2022 жылғы 25 мамырда Республикалық заң консультанттары алқасы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп вебинар өткізеді.
Вебинар мынадай тақырыптарды қамтиды:
1. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 7-тармағы, 1-тармағында бекітілген талаптар.
2. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ ҚРЗ, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ заңдарының талаптары.
3. Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ халықаралық стандарттарына сәйкестігін өзара бағалау.
Тренинг спикерлері:
1. Ульзана Кәрімжанқызы Сыздыкова - Қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс басқармасының басшысы.
2. Қуаныш Найрулаұлы Ахметов - Қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс басқармасының бас сарапшысы.
Өткізу уақыты:11:00-ден 13:00-ге дейін.
Асығыңыз, орындар саны шектеулі !
РЗКА палаталарында тұратын заң консультанттары үшін қатысу тегін.
РЗКА палаталарында тұрмайтын, осы тренингке қатысқысы келетін заң консультанттары 10 000 теңге мөлшеріндегі ұйымдастыру жарнасын төлеуі қажет.
Вебинарға тіркелу міндетті!
Тіркелу 24 сәуірдегі сағат 19:00-ге дейін ашық.
Тіркелу мына сілтеме бойынша: https://forms.gle/Zx3X3XqtKyii6cKg6
Тіркелусіз және жеке қатысуынсыз сертификаттар берілмейді