Дөңгелек үстел - «Республикалық Референдум – жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды қадам»

Республикалық заң консультанттары алқасы жалпыұлттық республикалық референдум қарсаңында «Республикалық Референдум – жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды қадам» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шара биылғы жылдың 2 маусымында сағат 10.00-де Қонаев көшесі, 12/1 мекенжайындағы 4 қабаттың 403-кабинетінде өтеді.

Іс-шараға еліміздің 14 өңірінің заң консультанттары, «Әділдік жолы» РҚБ, БАҚ өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысының саяси бастамалары тұрғысынан еліміздің болашағы үшін маңызы бар Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер талқыланады.

Заң консультанттары, сондай-ақ еліміздің Негізгі Заңына енгізілген өзгерістер бойынша өңірлердегі азаматтар арасында жүргізіліп жатқан белсенді түсіндіру жұмыстары туралы хабардар етеді.